
КASE мәліметінше, бүгіннен бастап биржада акцияларды, облигацияларды және басқа да қағаздарды мамандандырылған сауда-саттық, жазылу және жария ұсыныс әдісімен орналастыру қолжетімді. Сауда-саттыққа қатысушыларға инвесторларды (бірінші кезекте қытайлық) тарту үшін қосымша мүмкіндіктер беру үшін жаңа режимдер енгізілді.
Өткен жылдың маусым айында ресейлік Орталық банк санкциялар аясында юань Ресейдегі басты шетел валютасына айналғанын хабарлаған болатын. Юаньдағы есеп айырысуларға Мәскеу биржасындағы сауда үлесінің жартысынан астамы тиесілі болды. Қазақстанда да қытай валютасының рөлінің біртіндеп өсіп келе жатқаны таң қалдырмайды.
Енді компаниялар өз акцияларын немесе облигацияларын осы валютада ұсына алады. Жұмыс істеу үшін KASE өз ережелерін өзгертті. Енді юаньді ресми түрде акциялармен және облигациялармен мәмілелер жасау үшін пайдалануға болады.
Жыл басынан бері KASE индексінің мәні 1,4% өсіп, 5 658,74 пунктке жетті
- 2025 жылдың бірінші тоқсанында қайталама нарықтағы индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 59,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,1 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең көп көлемі «Қазақтелеком» АҚ жай акцияларына тиесілі болды - 15,0 млрд теңге, бұл индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,2% -ын құрады.
- 2025 жылдың бірінші тоқсанында он индекстік акцияның төртеуі өсім көрсетті. Қаржы және телекоммуникация секторларының индекстік компанияларының акциялары ең жақсы серпінді көрсетті.
- 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның жай акциялары ең жоғары өсімді көрсетті, олар бағада 24,2% -ға өсті.
Өсу қарқыны бойынша екінші орында қаржы секторының басқа өкілі - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жай акциялары тұр, олар 18,0% -ға өсті. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ шоғырландырылған қаржылық нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы таза пайда 32,8% -ға, 931,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2024 жылы пайыздық кірістер 30,0%, пайыздық шығыстар – 21,8%, ал таза пайыздық кіріс – 38,5% өсті.
- Көшбасшылар тізімінде үшінші орынды 6,7% өсіммен «Қазақтелеком» АҚ жай акциялары алады. Компания PIH Communication LLC пайдасына «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін сату жөніндегі мәміленің аяқталғаны туралы хабарлады. Fitch Ratings компанияның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде растады. Бұл ретте S&P Global Ratings «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мобильді активін (Tele2/Altel брендтерін) компанияның қаржылық көрсеткіштеріне сатудың әсеріне сілтеме жасай отырып, «BB +» -дан «BB» -ге дейін төмендетті.
Жалпы осы жылдың алғашқы үш айында шетелдік валюталар нарығындағы сауда көлемі 9,8 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда 28,4% немесе 2,2 трлн теңгеге артық. 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы орташа сауда көлемі 172,4 млрд теңге, күнделікті орташа мәміле саны 941 болды. Ал мәміленің орташа көлемі 183,1 млн теңгені құрайды.
- Жыл басынан бері KASE-нің акция нарығындағы капитализация 3,4%-ға төмендеп, 31,8 трлн теңгені құрады.
- 2025 жылдың бірінші тоқсанында «Ақбақай Gold Resourses»АҚ, «Mega Center Management» АҚ және «Ақтөбе-Темір-ВС» АҚ-ның еншілес компаниясының акциялары биржадан алынып тасталды. Бұл эмитенттердің өз шешімімен жасалған.
Жалпы биыл бірінші тоқсандағы акция саудасы 64,2 млрд теңгені құрады. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 42,5% немесе 47,4 млрд теңгеге төмендеген. Акция секторындағы сауда тек қана қайталама нарықта ғана жүрді дейді қор биржасы өкілдері.
2025 жылдың бірінші тоқсанында он индекстік акцияның төртеуі жақсы көрсеткішпен аяқтады. Ең жақсы өсімді қаржы және телекоммуникация секторындағы индекстік компаниялардың акциялары көрсетті.
- Ең жоғары өсім – «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қарапайым акцияларында тіркелді:
+24,2 %. - Екінші орын – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарапайым акциялары:
+18,0 %. - Үшінші орын – «Қазақтелеком» АҚ-ның қарапайым акциялары:
+6,7 %.
Компания «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің 100 %-дық үлесін PIH Communication LLC-ге сату мәмілесін аяқтағанын хабарлады. Fitch Ratings агенттігі компанияның ұзақмерзімді несие рейтингін «BBB-» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады.