
Компания жариялаған жарнамалық бейнероликте роботтың адаммен, кейін екінші роботпен айқасқаны көрсетілген. Сарапшылар жекпе-жекке қатысуы мүмкін деп отырған модель – G1. Ол – «Unitree»-дің флагмандық өнімі, бойы 1,32 метр, қимылы шапшаң әрі нақты. Робот кунг-фу техникасын меңгеріп, тіпті сальто жасауды да үйренген. Бұл – қозғалысты нақты басқаруға арналған «LAFAN1» технологиясының арқасы. Рингтегі айқастың нақты уақыты мен ережелері әзірге белгісіз. Дегенмен бұл – роботтар әлемінде жаңа кезеңнің бастауы болмақ.