Технология • 19 Сәуір, 2025

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карталар сынақтан өткізіліп жатыр

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда балаларды қажетсіз және қауіпті контенттен қорғай алатын SIM-карталар сынақтан өткізіле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карталар сынақтан өткізіліп жатыр

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов өзінің X-тегі парақшасында хабарлады.

SIM KIDS атты пилоттық жоба байланыс операторларымен бірлесіп Алматыда іске қосылған.

– Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта. Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады, – деді ведомство басшысы.

Асыловтың сөзінше, жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сим-карта баршаға қолжетімді болады.