Оқиға • 21 Сәуір, 2025

Ербол Мырзабосынов этноспорттың халықаралық басшылық құрамына енді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді. Бұл жайында Санкт-Петербург қаласында өткен «Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғырту» атты VII Этноспорт форумы барысында Конфедерация президенті Біләл Ердоған ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ербол Мырзабосынов этноспорттың халықаралық басшылық құрамына енді

Фото: ҚР Туризм және мпорт министрлігі

Форумға әлемнің 75 елінен делегаттар мен сала сарапшылары қатысып, дәстүрлі спорт түрлерін сақтау мен дамытуға бағытталған тақырыптық сессиялар, пікірталастар және стратегиялық кездесулер өткізілген.

Конфедерация президенті Біләл Ердоған Қазақстанның этноспортты дамыту жолындағы белсенді әрі жүйелі жұмысына жоғары баға берді.

«Қазақстан этноспортты жаңғыртуда үлгі боларлық қадамдар жасап келеді. Бұл тәжірибенің халықаралық аренада маңызы зор. Министр Ербол Мырзабосыновтың Конфедерация басшылығына енуі – халықаралық қауымдастықтың Қазақстанға деген сенімінің нақты көрінісі», деді ол.