
Фото: Ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, 2024 жылы елімізде 124 774 неке тіркелсе, соның 61 080-і ажырасумен аяқталған. Бұл — әрбір екінші отбасының ойрандалып жатқанын көрсетеді.
«Бұрын халқымызға тән болған отбасы құндылықтары өкінішке қарай, бүгінгі күні әлсіреп барады. Ажырасудың артында ең алдымен балалар зардап шегеді. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Сондықтан бұл санаттағы істер министрліктің ерекше бақылауында», деді Ерлан Сәрсембаев.
Оның мәліметінше, қазіргі таңда 12 мыңнан астам алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар «қызыл аймаққа» енгізілген. Олармен нақты бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен министр қолданыстағы заңнамалық тетіктер (әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік) өз нәтижесін бермей отырғанын атап өтті.
«Бұл мәселенің түп-тамыры – отбасылық институттың әлсіреуі мен құндылықтардың жоғалуы. Сондықтан мұнда кешенді мемлекеттік саясат қажет», деп түйіндеді Әділет министрі.