
Фото: istockphoto.com
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Jac N56 жүк көлігі мен ВАЗ-2110 маркалы жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан 15 және 17 жастағы бозбалалар оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
«Полиция департаменті марқұмдардың отбасыларына қайғыра көңіл айта отырып, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады. Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», делінген хабарламада.