Оқиға • 22 Сәуір, 2025

Әйел пойызда босанып, сәбиін терезеден лақтырып жіберген

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 20 сәуір күні Қызылорда – Астана бағытында қатынаған жолаушылар пойызында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйел пойызда босанып, сәбиін терезеден лақтырып жіберген

Фото: glavny.tv

Пойыз Қарағанды станциясынан өткеннен кейін, жолаушылар мен жолсеріктер санитарлық тораптан қан іздерін байқап, алаңдаушылық білдірген. Жолсерік жағдайды дереу тексеріп, қан іздерін тазалап жүрген сәтінде күмәнді жағдайды анықтаған.

Анықталғандай, әйел пойызда өз бетінше босанып, кейін жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген. Қарағанды облысы аумағында шұғыл іздеу жұмыстары нәтижесінде нәрестенің мәйіті табылған. 

Көліктегі полиция департаменті бұл жайтқа байланысты тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс аясында процессуалдық шешімдер қабылданатын болады», делінген хабарламада.