Футбол • 22 Сәуір, 2025

Отандық футбол туралы алғашқы фильм көрерменге жол тартады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кинотуынды – Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген, деп жазады Egemen.kz.

Отандық футбол туралы алғашқы фильм көрерменге жол тартады

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан футболы туралы алғашқы фильмнің жабық көрсетілімі бүгін, яғни 22 сәуірде бас шаһарда өтті.

Жастарға арналған мотивациялық кинотуынды қандай жағдай болмасын арманнан бас тартпауға үндейді. 

«90+1» деп аталатын  фильм 24 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде прокатқа шығады.

«Кинокартинаның режиссері – «Қазақша бизнес», «Әкім» секілді жобалармен танылған Тимур Дулатов. Басты рөлдерді Қуаныш Керімқұлов, Алмат Сақатов, Артур Асқарұлы сомдады. Фильмде футболды жақсы көретін жігіттің арманы мен өмір жолында кездескен қиындықтары туралы баяндалады. Туынды шытырман оқиғаларға толы», деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.