Табиғат • 23 Сәуір, 2025

Үстірт қорығынан сирек кездесетін өсімдік табылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында табылған сирек өсімдік – Қызыл кітапқа енген, деп жазады Egemen.kz.

Үстірт қорығынан сирек кездесетін өсімдік табылды

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Үстірт қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Пулатов ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында осы айдың 18-21 күндері «Майда қатыран» өсімдігіне ұшырасқан.

Ол сәуір-мамырда гүлдеп, мамыр-маусым айларында жеміс береді екен.

Қорық мамандары тарапынан табылған өсімдіктің таралу аумағын зерттеу жалғасады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, «Майда қатыран» – сирек кездесетін, таралуы шектеулі түр. Оның тіркелуі – ботаника ғылымы үшін маңызды жаңалық саналады және Үстірт өңірінің қайталанбас экожүйесін сақтау қажеттілігін көрсетеді.