Оқиға • 23 Сәуір, 2025

Оралда алты жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Орал қаласындағы Брусиловский көшесінде КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда алты жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

Қайғылы оқиға сәуірдің 21-і күні кешке орын алған. Полицейлердің мәліметінше, бала жолды тиісті емес жерден кесіп өткен. 

«Бала түрлі дене жарақаттарымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, бала бас-ми және әртүрлі дене жарақаттарын алған.