Қоғам • 24 Сәуір, 2025

Дәстүрлі емес медицина саласы құқықтық кеңістіктен мүлде тыс қалды - Б.Жексенбай

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Бибігүл Жексенбай депутаттық сауалында дәстүрлі емес медицина саласына байланысты өзекті мәселе көтерді, деп жазады Egemen.kz

Дәстүрлі емес медицина саласы құқықтық кеңістіктен мүлде тыс қалды - Б.Жексенбай

Депутаттың айтуынша дәстүрлі емес медицина саласын нақты заңнамалық реттеудің болмауы – жақсы емес, бұл – арнаулы медициналық білімі жоқ адамдардың емдеу ісіне араласуына жол ашып, көрсетілетін қызмет сапасын төмендетеді, тіпті, пациенттердің денсаулығына қауіп төндіреді. 

«Дәлелденбеген, яки денсаулыққа қауіпті емдеу әдістері талай кеселді асқындырып, қайғылы жағдайларға душар етуі мүмкін. Бақылау мен жауапкершілік тетіктерінің жоқтығы: пациентке зиян келтірген жағдайда, жауапкершілікке тарту және зардап шеккендердің құқықтарын қорғау үшін нақты механизмдер жоқ», деді сенатор.

Сенатор өз сөзінде Қазақстанда дәстүрлі емес медициналық қызметті реттейтін нормалар 2006 жылы жойылғаннан кейін бұл сала құқықтық кеңістіктен мүлде тыс қалғанын атап өтті.

«ҚР-нда пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дәстүрлі емес медицина саласындағы қызметтердің сапасын арттыру үшін осы саланы заңнамалық реттеу шараларын қабылдауды қарастыру; лицензиялау және сертификаттау жүйесін енгізу, дәлелдерге негізделген рұқсат етілген әдістер мен практикалардың тізілімін жасау керек. Бұл азаматтардың денсаулығын қорғауға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және тиімді әрі қауіпсіз дәстүрлі емес медицина әдістерін көлеңкелі аймақтан шығаруға мүмкіндік береді», деп түйіндеді Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай.