
Әлеуметтік желілерде әншінің бейнесі мен дауысын пайдаланған алаяқтық видео тарап кетті. Онда «табысты арттыратын қосымша» жарнамаланған.
- Бейнежазба мен дауыс жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған. Бұл роликке Димаштың ешқандай қатысы жоқ. Барынша сақ болуды сұраймыз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және жалған ақпаратқа сенбеңіздер, – делінген команда таратқан хабарламада.