
Бахрейндегі халықаралық турнирге 14 елден 170 спортшы қатысты. Ұлттық құрама командасында Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларынан 10 спортшы бар. Жетісу облысының спортшысы Қуаныш Асқарбеков те алтын медаль ұтып алды.
– Бәрі менің сал ауруына шалдыққан қызым айналысатын спорт іздегенімнен басталды. Мен бочча туралы естідім. Сол кезде Астанадағы инклюзивті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз бастамасымен бочча бойынша факультатив жүргізгенін білдім. Осылайша біртіндеп, бір-бірімізбен әңгімелесе отырып, алдымен Қазақстан бочча федерациясын, содан кейін екі жыл бұрын облыстық бочча федерациясын құрдық, – дейді Қарағанды облысы бойынша бочча федерациясы президентінің орынбасары Гаухар Ақыжанова.