Мектеп • 25 Сәуір, 2025

Жайлы мектептің жартысы - ауылда

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – заманауи, қауіпсіз әрі қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталғаны мәлім, деп жазады Egemen.kz.

Жайлы мектептің жартысы - ауылда

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Аталған жоба қарқынды жүзеге асып жатыр. Президенттің тапсырмасы шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға берілмек, оның 45%-ы ауылдық жерлерде салынады.

Салыстыра айтар болсақ, 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектептің есігі айқара ашылған екен.

«Ұлттық жоба аясында жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған», деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінен.