
Қазір бұл таксиді Остин мен Сан-Франциско аймағында компания қызметкерлері ғана пайдалана алады. Көлікте қауіпсіздікке жауап беретін оператор бар. Таксиді арнайы қосымша арқылы шақырып, есігін ашуға болады. Жолаушының белдік тағуға, маршрутты өзгертуге әрі шұғыл тоқтауға мүмкіндігі бар. Себебі таксидің өзі бәрін түсініп отырады.