
Атырауда аңыз актердің ғұмыры арқау етілген «Тағдыр тақтасы» спектаклі сахналанды. Туындыны атыраулықтарға актердің өзі құрған «Жаңа ғасыр» театры ұсынды.
Басты ерекшелік – сахна шахмат тақтасымен безендірілуі. Ал аңыз адамның өмір жолын бейнелеу үшін ала жолақ таңдалған.
Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімовтің өзі «Таза Қазақстан» акциясы аясында Атыраудағы жастар театры саябағындағы көшет егу іс-шарасына қатысты. Танымал актер өзінің атаулы көшетін екті.
«Көктемнің жаймашуақ күндерінде Атырау облысына гастрольдік сапармен келіп қалдық. Бұл – «Жаңа ғасыр» театрының кезекті рухани сапары. Театрлардың әртістері өзара пікір алмасып, бір-бірінің өнеріне баға беруге ұмтылуы – өте құнды әрі қажет үрдіс. Өнерге бет бұрған жастардың өсіп-өркендеуіне әрдайым тілекші болып жүреміз. Жастар осындай гастрольдік сапарда тәжірибе алмасып, шығармашылық шеберлігін жетілдіреді», деді А.Әшімов.
Қазақ өнерінің аңызы мұнайлы шаһардағы Жастар театрының музейіне өзінің кітабын табыстады.
Атырау облысы