Пікір • 26 Сәуір, 2025

Татулық төрге оздырады

100 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент атап өткендей, қазіргі кезде Ассамблея жаңа тұрпаттағы өзгеріске ұшырады. Өмірде болып жатқан жаңа үрдістерді алып, қоғамдағы өзекті күшке айналды. Себебі ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халыққа өз пайдасын тигізетін игі істерге мұрындық болып жүр.

Татулық төрге оздырады

Ассамблеяның құры­лымын­да ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, жастар орталықтары бар. Ақсақалдар биылғы Жұ­мысшы мамандықтары жылын дәріп­теп, жастардың арасында үгіт-наси­хат жұмыстарын жүр­гізіп келе­ді. Аналар кеңе­сі өз кезегін­­де отбасылық құндылықтар­­ды дәріптеуге күш салады. Қазір әсіресе отба­сындағы зорлық-зомбылық проблемасы өзекті болып тұр­ғаны белгілі. Жастар жағы да қол қусырып отырмай, өз мүм­кіндіктеріне қарай еліміздің дамуына септігін тигізіп жатыр. Олар әсіресе қазақ тілін үйрену мен үйрету жағын біржола қолға алғанын айтты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойына арналған жиында «Таза Қазақстан» акциясына айрықша тоқталды. Бұның идеологиялық мәні зор бастама екенін көріп отырмыз. Президент айтқандай, «Таза Қазақстан» әркімнің өз отбасынан бастау алады. Үйде таза болған адам кейін өскенде ары да таза болады. Отанын сүйетін, халқын құрметтейтін, елі мен жерін ұшпаққа шығаратын азамат осылай қалыптасады.

Сонымен қатар жиында елдегі идеологиялық жұмыстарға баса назар аударылды. ҚХА-ның этно­мәдени орталықтары, Достық үйлері бар. Олар бұрын жай ғана декоративті музей ретінде жұмыс істеп, әр этнос өзінің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін дамытатын болса, қазір жаңаша түрленіп, тек өз тілі мен мәдениетін үйрет­пей, жалпықазақстандық құн­дылықтар мен бірегейлікті де үйретіп жатқанын білеміз.

Осы орайда тіл мәселесіне тоқтала кетсем. Президент өз сөзін­де қазақ тілінің этносаралық тілге айналатынын айтты. Қазір­гі таңда біз бұл үрдіс еліміздің оңтүстік өңірінде сәтті жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз. Өзбектер, тәжіктер, ұйғырлар қазақ тілін еркін меңгеріп, өзара мемлекеттік тілде сөйлеседі. Бұл елімізде тілдік интеграция жоғары екенін көрсетеді. Со­нымен қатар мәдени, салт-дәстүр тұрғысынан да диаспоралар арасында жақындасу болып жатыр. Мысалы, Президент айтқан­­дай, Наурыз – тек қазақтың ме­ре­ке­сі емес. Оны қазір бар­лық ұлт өкілдері тойлайды. Діни мерекелер кезінде де ұстанған сенімі мен дүниетанымына қарамастан барлық тұрғын бір-бірін құттықтап, өзара жылы лебіз білдіріп жатады. Мұның бәрі елімізде ұлтаралық татулық жоғары деңгейде қалыптасқанын көрсетеді.

 

Ғали Дінмұхаммед,

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты орталығының директоры