Үкімет • 26 Сәуір, 2025

МӘМС жүйесіне қатысты заң жобасын қарайды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

МӘМС жүйесіне қатысты заң жобасын қарайды

Алдағы жалпы отырыста депутат­тарға міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады.

Заң жобасын Президенттің 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғам­дық оптимизм» атты халыққа Жолдауын іске асыру мақсатымен Үкімет әзірледі. Ұсынылып отырған түзетулер медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру­ға бағытталған. Бұл тегін медицина­лық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін айқындау арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар депутаттар жаңа Салық кодексі жобасы мен оған салық салу мәселелері бойынша құрылыс және тұрғын үй құры­лысына үлестік қатысу саласындағы ілеспе түзетулерді, тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық мәселе­лері жөніндегі заңнамалық жаңа­лық­тарды екінші оқылымда талқы­лайды. Сондай-ақ осыған байланыс­ты Салық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістерді қарайды.

Жалпы отырысқа бірқатар халықаралық құжатты ратифика­циялауға қатысты заң жобалары да енгізіледі.