Оқиға • 28 Сәуір, 2025

Шерзат ісі: куәгер неліктен жедел жәрдем шақырмағанын айтты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті ашық сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынды. Екінші бөлімінде куәгер Дана Жақсыгелді жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Шерзат ісі: куәгер неліктен жедел жәрдем шақырмағанын айтты

Фото: Видеодан алынған скрин

Куәгер Дана Жақсыгелді қайғылы оқиғаға дейінгі және оқиға кезіндегі іс-әрекетті өз нұсқасында баяндап берді. 

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы полиция мен жедел жәрдем қызметіне неліктен хабарласпағанын сұрады. 

«Ойымда болған жоқ. Мылтықтың дауысын өмірімде бірінші рет естідім. Одан кейін машинада отырдым. Қорықтым. Өз өмірім үшін қорықтым», деді куәгер Дана Жақсыгелді. 

Айта кетейік, Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс Жоғарғы соттың ютуб арнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.