Аймақтар • 28 Сәуір, 2025

Қарқаралыда орманнан өрт шықты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарқаралы ауданы Бақты орман шаруашылығының ашық аумағында құрғақ шөп пен тоғай өртенді, деп жазады Egemen.kz.

Қарқаралыда орманнан өрт шықты

«Қазіргі уақытта 3 әуе кемесімен 6 су төгу жұмысы іске асырылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 157 маманы, 26 техника, бір пилотсыз ұшу аппараты, су төгетін құрылғылары бар Қазавиақұтқару 3 әуе кемесі, бір Қазавиақорғау тікұшағы, Бақты  орман шаруашылығы қызметкерлері, Қазавиақорғау десантшылары және ауылдық аймақтардың ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмылдырылды», делінген төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, төтеншеліктер өртті сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын, елді мекендерге қауіп жоқ екенін да атап өтті.