
Сатылым қорытындысы бойынша мынадай қаржы жиналды:
- CARTIER LOVE білезігі мен сақинасы үшін 2,6 миллион теңге төленді;
- Аквамарин тасы орнатылған жүзік 1,6 миллион теңгеге өтті;
- Гауһар және зүбаржатпен әрленген сырғалар 612 мың теңгеге сатылды.
Жалпы есептегенде аукционнан 5 425 246 теңге табыс түсті. Бұл қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылып, алдағы уақытта әлеуметтік бастамаларды қолдауға жұмсалмақ.
Еске салайық, былтыр Астанада олигархтардан тәркіленген бір үлкен сарай 473 миллион теңгеге сатылған еді. Сонымен бірге, бұрынғы шенеунік Кәрім Мәсімовтен алынған мүліктің бір бөлігі әлі де болса сатылымға шығарылмаған.