
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтілетін болды.
Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында депутаттар қала әкімінің Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне берілетін біржолғы төлем мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайту, тыл еңбеккерлеріне берілетін төлемді 100 мың теңгеге дейін арттыру туралы ұсынысын қолдады.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауржан Жаубасовтың айтуынша, 21 ҰОС ардагеріне – 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін, 6 149 тыл еңбеккеріне – 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек көрсетіледі.
АЛМАТЫ