Ғалам ғажаптары • 29 Сәуір, 2025

Әскери лотерея

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде әскерге шақырудың түрлі әдісі бар. Әсіресе Таиланд Корольдік армиясының тәсілі ерекше.

Әскери лотерея

Бұл елде әскерге шақыру жасы – 21 жас. Егер азамат ерікті түрде әскери қызметке бармаса, онда ол сәуір айында өтетін лотереяға қатысуға тиіс. Қара карточка суырғандар әскери міндеттен толығымен босатылады, ал қызыл карточка алғандар бір емес, екі жыл Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті.