
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Қатысушылар арасында «Hyundai WIA», «CHIRON Group SE», «KAMAZ», «QazTehna», «Bodor», «XT Laser», «Robentex», «ISCAR Kazakhstan», «Zoller», «KAPP NILES», «IGM Robotersysteme», «Guhring», «WeldExpert», «SMWAutoblok», «Linsinger Maschinenbau» және басқалар өз өнімін ұсынып отыр. Бірінші кезекте Германия, Түркия, Аустрия, Италия, Қытай елдерінің ұлттық экспозицияларын атап өткен жөн. Германия сөресінде Саксония мен Тюрингия федералды штаттарының ұжымдық стендтері, сондай-ақ әртүрлі салаға арналған жоғары технологиялық шешімдері бар жетекші неміс компаниялары тұр.
«Машина жасау – елдің өнеркәсіптік әлеуетінің негізі, технологиялық прогрестің драйвері және ұлттық экономиканы қолдау. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы саланың үлесі 19%-ды құрайды» деген Ерсайын Нағаспаев саланың тұрақты өсім көрсетіп отырғанын айтты. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіштер 9,7%-ға өскен. Биыл 16%-дық өсімді қамтамасыз ету үлкен мақсат болып отыр. Көрме орталығында Су индустриясының «Su Arnasy – Water Expo» XIV халықаралық мамандандырылған көрмесі мен «Ondeu EXPO» V халықаралық өңдеу өнеркәсібі көрмесі де ұйымдастырылған. Анығында, «Ondeu EXPO» металлургия, машина мен аспап жасау, құрылыс пен химия материалдарының өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен саласына арналған шешімдер мен жабдықтарды жеткізушілерді біріктіреді. Компаниялар отандық өнеркәсіптің өнімділігін, орнықтылығы мен технологиялық тәуелсіздігін арттыруға бағытталған әзірлемелерді ұсынады.
Шараға «Vogelsang», «ANDRITZ», «CNP», «ARC», «QA-Plast», «VodEcoFilter», «Invest Continent», «ETEK», «SAS», «Aquatoriya-Aktobe», «ATE», «Riza Global» және басқа да компаниялар қатысты. Көрмені жыл сайын сан түрлі саланың мыңдаған маманы тамашалайды. Көрме соңы форумға ұласты. Онда машина жасауды дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру ісі, сала дамуындағы шетелдік серіктестердің рөлі, сондай-ақ өнеркәсіпті роботтандыру мен цифрландырудағы өзекті үрдістер, машина жасауға кадр даярлау шарасы талқыланды. Негізгі өндірістерді дамытуға, теміржол, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ машинасы мен автомобиль жасау саласының келешегіне ерекше назар аударылды.