Өндіріс • 29 Сәуір, 2025

Электрпойыз өндірісі өркен жайды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Railways Systems KZ» компаниясына қарасты ЗИКСТО зауытынан жақында екінші электрпо­йыз шығатынын Өнеркәсіп және құрылыс минис­трлігінің баспасөз қыз­меті хабарлады. Алты вагоннан тұратын ал­ғашқы электрпойыз 2024 жылдың аяғында шыққан еді. Ол ұлт­тық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания­сына беріліп, қазір Астана – Бурабай бағытында жолаушылар тасымалдап жүр.

Электрпойыз өндірісі өркен жайды

Енді екіншісі мамыр айын­да пайдалануға беріл­гелі отыр. Жалпы, зауыттан тағы бір электрпойыз шығады. Сериялық қатарға енгенде 20 электрпойыз шығару көзделген.

ЭПЗД деп аталған бұл пойыздар «Railways Systems KZ» мәліметіне қарағанда келесі құраммен шығады: бірінші пойыз алты вагон, соның алғашқы екеуі – 3-класты универсал­­ды, дәретханалары бар вагондар. Бұларда жол­серіктерге де арнаулы купелер қарас­тырылған. Үшеуі 3-класты моторлы вагондар және біреуі 3-класты моторсыз вагон. Екіншісі де алты вагоннан тұрады. Бірақ мұнда басқы вагон біреу ғана, алайда ол сапалы, 1-класқа жатады. Мұнда да жолсеріктің купесі, санузелдер қарастырылған. Қалған вагондар бірінші пойыздыкімен бірдей.

р

Зауыттағы пойыз құрас­тыру алаңы – 900 шаршы метр. Осы алаңда электр­пойыз қозғалтқышты орна­тылады, басқа да онда­ған құрал-жабдық, соның ішінде орындықтар мен жүксалғыштар құрас­тыры­лып, ең соңында тапсырыс берушіге пойыздың жүруі сынақтан өткізіледі. Кәсіпорында 12 мың шаршы метрді құрайтын ро­боттың жұмыс істеуіне арналған екінші өндіріс корпусын салу да қолға алынған. Оған тартылған инвестиция көлемі –
24 млрд теңге.

 

ПЕТРОПАВЛ