
Сурет: ortcom.kz
Кеңеске өңірдегі ірі инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты. Олардың қатарында «Қазақмыс» корпорациясы, «Сарыарқа Энерджи» және «SEPMEM» қытайлық компаниясы бар.
Жиын барысында облыс әкімі инвестиция экономиканың қозғаушы күші екенін айтып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Кеңес барысында «Сарыарқа Энерджи» компаниясы 7 млрд теңге көлемінде инвестиция құйып, өңірде көмірді байыту фабрикасын салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Компания өкілі Олег Грицай жоба туралы жан-жақты баяндап, оның іске асырылу мерзімі мен экономикалық тиімділігіне тоқталды.
Сондай-ақ «SEPMEM» компаниясы облыс аумағында 10 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық жоба – табиғи газды сұйылту зауытын салу бастамасын ұсынды. Компания өкілі Янг Мин зауыттың техникалық ерекшеліктері мен өңір экономикасына әкелетін пайдасы туралы баяндама жасады.
– Біз инвесторлардың Ұлытау облысының экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Барлық бастаманы қолдауға дайынбыз. Инвесторлар көтерген мәселелер жан-жақты қарастырылып, оларды шешу жолдары пысықталатын болады, – деп облыс басшысы әкімдер мен тиісті басқарма басшыларына осы бағыттағы жұмысты күшейтуді әрі қатаң бақылауды тапсырды.
Ұлытау облысы