
Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының міндеттерінің бірі ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету екенін айтты.
Бұл міндетті жүзеге асыру мақсатында заманауи 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы (КОАА) пайдалануға беру көзделіп отыр.
«Қазір 6 аурухананың құрылыс жұмыстары аяқталды. 2025 жылдың соңына дейін тағы 12 көпсалалы орталық аудандық аурухананы пайдалануға беру жоспарланған. Оған 98 медицина қызметкерлерін даярлап жіберу қарастырылып жатыр. Қалған 14 нысанның құрылыс жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады», деді министр.