Қоғам • Кеше

«Самұрық-Қазына» тобы: Негізгі мақсат – активтер құнын арттырып, шетелден инвестиция тарту

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикада мемлекеттің қатысуын азайту және жеке сектордың рөлін арттыру жөніндегі Жарлығын орындау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бастамалар бәсекелестікті дамыту, инвестиция көлемін арттыру және тиімділікті арттыруға бағытталған. Осындай үдеріске белсенді қатысушылардың бірі — «Самұрық-Қазына» қоры.

«Самұрық-Қазына» тобы: Негізгі мақсат – активтер құнын арттырып, шетелден инвестиция тарту

Топ ішіндегі оңтайландыру: бүгінгі ахуал қандай?

Оңтайландыру жұмысы­ның нақты мысалының бірі – «KEGOC» АҚ 100%  ен­шілес ұйымы болып саналатын «Энергоинформ» АҚ компаниясын қайта құ­рылымдау туралы шешімі болды. Осылайша, компанияны KEGOC құрамына енгізу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде басқару құрылымын жеңілдетіп, энергетика секторы жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Энергоинформ» АҚ ақ­параттық-телекомму­никация­­­лық жүйені дамытумен ай­на­лысады және энергетика сала­сындағы кәсіпорындарда ақ­параттық жүйелерді бас­қа­ру мен аппараттық-бағ­дар­ламалық кешендерді автоматтандыру және цифр­ландыруға қатысты жобаларды жүзеге асырады. 

д 

«Бұл компания мен барша қызметкерлер, серіктестер үшін маңызды шешім болды. Кез келген өзгеріс қызметкерлер мен барлық тараптың мүдделерін барынша ескере отырып енгізілетініне сенімдіміз», – деп атап өтті «KEGOC» басшысы Нәби Айтжанов.

Бұл ретте, «KEGOC» ірі ин­фра­құрылымдық жо­балар­ды жүзеге асыру жұ­мысын жалғастырып жатыр. Олардың арасында Қазақстанның БЭЖ-нің Оң­түстік аймағының электр энер­гетикалық жүйесін кү­шей­ту мен Батыс аймақты еліміздің БЭЖ-сімен бірік­тіру бастамасы бар. Екі жоба да 2027 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Бейінді емес құрылымдарды тарату жұмысы қатар жүреді

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС-ін тарату жоспары туралы мәлімдеген еді. Бұл компания сервистік қызметтерді ұсыну мақсатында құрылған-ды.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қор активтер құ­нын арттыру, бейінді емес ұйымдарды тарату және нарыққа қарай икемделіп, бағдарланған құрылымды қалыптастыру бойынша жұ­мыстарды жалғастырып жат­қанын атап өткен еді.

 

Экономиканы либерализациялау бағдары

Мұндай қадам­дардың барлығы Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген жалпы страте­гияның бір бөлігі болып саналады. Экономиканы либерализациялау бағдары мемлекеттің бизнестегі үлесін кезең-кезеңімен азайтып, бірқатар функция­ларды жеке секторға беру­ді көздейді. Бұл тиімді бас­қаруды күшейтуге, бәсе­келестікті арттыруға және отандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, шетелдік инвестор­лардың келуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етуі тиіс.

Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» АҚ активтерінің көлемі бо­йын­ша топ-25 қатарына кіреді. 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі орташа жылдық табыс өсімі 13%-ды, ал EBITDA – 5%-ды құрады.

2024 жылы мемлекет пайдасына 1,354 триллион теңге қаржы аударылды. Бұл көрсеткіш еншілес компаниялардан алынған дивидендтер көлемінен 6 есе көп болып отыр.

Негізгі мақсат – басқарудағы активтер құнын арттырып, тікелей шетелдік инвестиция­ларды тарту.

 

Майнұр Жанақова