Президент • Бүгін, 18:27

Президент Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қызылорда қаласындағы 11 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.

Президент Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Фото: Ақорда

Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді.

Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады.

Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар бар.

Мемлекет басшысы «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен әңгімелесті.

Аа

«Қайсар» – елімізде жеке меншікке өткен алғашқы клубтардың бірі. Алдағы уақытта футбол академиясы салынады. Клубтың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Баршаңызға табыс тілеймін, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Президент футбол добына қолтаңба қойды.