Алматы • Кеше

Алматыда демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни 2- 4 мамыр аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматы мен Алматы облысының 318 фермері мен ауыл шаруашылығы өндірушілері жәрмеңкеде халыққа 900 тоннаға дейін азық-түлік тауарларын сатуды жоспарлап отыр.

— Оның ішінде ет өнімдері — 390 тонна, жеміс, көкөніс өнімдері — 400 тонна, сүт өнімдері — 50 тонна, жұмыртқа, шұжық және бал — 30 тонна, басқалары — 30 тонна, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкелер 3 және 4 мамырда (сенбі және жексенбі) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаланың төрт ауданында өтеді: 

  • Алмалы ауданы-Масанчи көшесі (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесі арасында); 
  • Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
  • Бостандық ауданы — ш/а. Қазақфильм (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
  • Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесі. 

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтық құннан 15-20%-ға төмен сатылады.