
Бұл ерекше жоба кездейсоқ пайда болмаған. 1983 жылы осы жердің иелері ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңа нысан салмақ болады. Бірақ сол уақытта қала билігі бұл аймаққа тасжол салу жоспарын бекітіп қойған еді. Енді қайтпек керек? Екі тарап ұзақ келіссөз жүргізеді. Нәтижесінде, 16 қабатты ғимарат салынып, 4-тен 8-қабатқа дейінгі аралықтан тас жол тікелей өтеді. Тас жолдың өзі арнайы дыбыс пен дірілді оқшаулайтын құрылғылармен қапталған. Сондықтан ғимарат ішіндегі адамдарға шу немесе қозғалыс мүлде сезілмейді. Бұл — инженерлік тапқырлықтың, табандылық пен келісімнің тамаша үлгісі.