
Фото: Федоров ауданы әкімдігі
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары ең көп тіркелген өңірлер:
Астана қаласы – 155 дерек.
Шымкент қаласы – 89.
Алматы қаласы – 66.
Алматы облысы – 68.
Абай облысы – 54.
Шығыс Қазақстан облысы – 53.
Павлодар облысы – 51.
Түркістан облысы – 49.
Қарағанды облысы – 47.
Жамбыл облысы – 45.
Қызылорда және Қостанай облыстары – 44.
Ақтөбе облысы – 41.
Атырау облысы – 34.
Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары – 30.
Ақмола облысы – 24.
Маңғыстау облысы – 22.
Жетісу облысы – 49.
Ұлытау облысы – 20.
Сотталғандар саны мен мемлекетке келген залал
2024 жылы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін 988 адам жауапқа тартылған. Антикор мәліметіне сәйкес, олардың ішінде:
ҚР ҚК 361-бабы («Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану») – 52 адам;
366-бап («Пара алу») – 260 адам;
367-бап («Пара беру») – 348 адам;
368-бап («Парақорлыққа делдал болу») – 30 адам.
2024 жылы сотталғандардың жалпы саны – 914 адам. Оның ішінде ең көбі:
367-бап бойынша – 297 жағдай;
366-бап бойынша – 242 жағдай.
Сондай-ақ, ҚР ҚК 189-бабы бойынша (қаражат жымқыру) 128 адам сотталған.
Антикоррупциялық қызмет тергеген істер бойынша 660 адам сотталған:
361-бап – 31 адам;
Парақорлыққа қатысты баптар бойынша – 457 адам (366 – 187, 367 – 238, 368 – 32);
Басқа сыбайлас жемқорлық баптары бойынша – 172 адам.
Аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша мемлекетке келген залал 486,1 млрд теңгені құраған.
Мемлекеттік органдар мен қызмет салаларындағы сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ең көп жасағандар:
Әкімдіктер қызметкерлері – 223.
Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері – 106.
Ішкі істер органдары қызметкерлері – 102.
Ауыл шаруашылығы министрлігі – 29.
Қаржы министрлігі – 28.
Төтенше жағдайлар министрлігі – 14.
Сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар:
Білім беру – 154 тұлға.
Ауыл шаруашылығы – 63.
Денсаулық сақтау – 49.
Әлеуметтік қамсыздандыру – 48.
Соңғы үш жылдағы динамика
2022 жылдан 2024 жылға дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 9 пайызға азайып, 1118-ден 1015-ке төмендеген:
2022 жыл – 1118.
2023 жыл – 1099.
2024 жыл – 1015.
Еске салайық, 10 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Президентке 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндап, жыл басынан бері елде 521 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 257 лауазымды тұлға әшкереленгенін, оның ішінде 141-і әртүрлі деңгейдегі басшылар екенін, сотқа 366 қылмыстық іс жіберілгенін айтқаны мәлім.