Университет • 02 Мамыр, 2025

Астанада әлем мойындаған оқу орнының филиалы ашылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 1 мамырда Астана қаласында Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға шетелде білім алуға қызығушылық білдірген жастар мен олардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Астанада әлем мойындаған оқу орнының филиалы ашылды

Ашық есік күні – әлемдік деңгейдегі университеттің Қазақстанда ресми түрде қызметін бастағанын білдіретін маңызды оқиға. Қатысушылар университеттің оқу үдерісі, қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары және кәсіби мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат алды. 

«Cardiff University Kazakhstan филиалының ашылуы – Қазақстан жастарына Ұлыбритания сапасындағы білімді өз елінде алу мүмкіндігін береді. Бұл – еліміздің жоғары білім жүйесінің интернационалдану жолындағы маңызды қадамы», деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

л

Cardiff University – әлем мойындаған жоғары оқу орны:

 

  • Әлемдік QS рейтингінде 186-орында;

  • «Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша Ұлыбританияда 1-орында;

  • Білім беру, инженерия және геология салалары бойынша әлемнің үздік 150 университетінің қатарына кіреді;

  • Ұлыбританиядағы түлектерді жұмыспен қамту бойынша 12-орында тұр.

Астанадағы филиалдың артықшылықтары:

  • Барлық оқу процесі ағылшын тілінде өтеді;

  • Дәрістерді Ұлыбританиядан келген профессорлар жүргізеді;

  • Түлектерге Cardiff University дипломы табысталады, ол – халықаралық деңгейде мойындалған және аталған университет Ұлыбританияның ең беделді оқу орындары кіретін Рассел тобының мүшесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім беру саласына айрықша назар аударады. Білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған барлық бастамалар Президенттің стратегиялық ұстанымына сай жүргізіліп, тікелей бақылауында.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32