
Оркестрге балабақша музыканты Шұға Қайырлиева жетекшілік етеді. Бір қызығы, онда 5 жасар Ясина Нәбен дирижерлік етеді. Ол оркестрге 3 жасынан қатыса бастаған.
«Ясинаның дирижерлік таланты бар. Музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы таңғалдырады. Жасы әлі кішкентай болғанына қарамастан, музыканы жақсы сезінеді. Дирижерлікті игеріп келеді», дейді Шұға Қайырлиева.
Атырау облысы