Спорт • Бүгін, 10:30

Пара үстел теннисшілері үш медаль иеленді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Черногорияның Подгорица қаласында пара үстел теннисінен World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясы өтті, деп жазады Egemen.kz

Пара үстел теннисшілері үш медаль иеленді

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Аралас жұптық сайыста Александра Степанова мен Ерлан Казиев және Алтынай Ержанқызы/Талғат Эрекеев жұбы қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, әйелдер арасында жұптық санат бойынша Сәуле Айдарханова мен Александра Степанова үшінші орын алды. Осылайша қазақ пара спортшылары байрақты бәсекеде 3 қола медаль еншіледі.

Сала министрлігінің мәліметінше дүбірлі дода 29 сәуірде басталып, 3 мамырда аяқталған, оған 28 елден 140-тан астам спортшы қатысқан.