Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2015 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті.
Қолына қалам ұстаған, өздерінің ой қуаты мен тіл шеберлігін өміріне серік еткен журналистер қауымы жыл сайын бір рет аталып өтетін кәсіби мереке – БАҚ күнін асыға күтеді. Отанға, елге, туған халқына жасаған еңбектері еленіп, марапат алып жатса, марқайған көңілмен бұрынғыдан да құлшына еңбектенетіні хақ.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова отырыста сөйлеген сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан мемлекеттілігін нығайтудағы маңызды рөліне тоқталып өтті. БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдарының өз қызметтері арқылы халықты жұмылдырып, патриотизмді нығайту мен қоғамды ұйыстыра түсудегі рөлі ерекше екеніне мән берді. Елбасы жыл сайын журналистермен жүздесіп, БАҚ қызметіне маңыз беріп отырады, елімізде арнайы орталық – Қазмедиа орталығы пайдалануға берілді, ал журналистер болса, билік пен халық арасындағы көпір тәрізді үлкен жұмыстарды атқаруда, дей келіп: «Елде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформалар мен Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында және «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында ұсынған ауқымды экономикалық жоспарларды жүзеге асыру аясында бұл айрықша маңызды», – деп атап көрсетті.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы бүгінде елдің алдында тұрған саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді табысты орындау көп жағдайда қоғамның әлеуметтік белсенділігіне байланысты екеніне, ал оған ықпал етуде отандық БАҚ-тың маңызды рөл атқаратынына тоқталып өтті.
– Мемлекет талантты журналистерге және батыл ақпараттық жобаларды жүзеге асыру ісіне жан-жақты қолдау көрсетеді. Осындай қолдаудың маңызды бір тетігі жыл сайын Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау болып табылады, – деген Қоғамдық комиссия төрайымы биыл комиссияның қарауына 81 ұсыным берілгенін, атап айтқанда, оның 64-і журналистерден, 17-і шығармашылық ұжымдардан, 29 ұсынымның баспасөзден, 44 ұсыным электронды БАҚ-тан, 8 ұсыным белгілі бір БАҚ атынан ұсынылмаған жеке үміткерлерден келіп түскенін жеткізді.
Қоғамдық комиссия отырысы барысында журналистердің материалдарының деңгейінің жоғарылығы, сондай-ақ, баспасөздің Қазақстан дамуының маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін жариялап, көрсетудегі үлесі атап өтілді.
Талқылау қорытындысы бойынша, БАҚ саласындағы президенттік сыйлықтар мен гранттарды тағайындау ережесіне сәйкес, Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының екі өкіліне сыйлық беру, екеуіне грант тапсыру және бірнеше шығармашылық ұжымға Президент Алғысын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным жасауға шешім қабылдады.
Отырысқа комиссия мүшелері – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистер қоғамдық бірлестіктері мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

LRT-дағы кідіріс: «Жібек жолы» станциясы неге пайдалануға берілген жоқ?
Қоғам • Бүгін, 16:04
Олимпиада жүлдегері Денис Ұланов кәсіби мансабын аяқтады
Спорт • Бүгін, 15:43
Дастан Сәтпаевтың командасы: Хаби Алонсо «Челсидің» бас бапкері атанды
Спорт • Бүгін, 15:23
Тараздық оқушы қатерлі ісікті анықтайтын ғылыми жобасымен әлемдік көрмеде топ жарды
Ғылым • Бүгін, 14:21
Астанадағы PGL 2026 турнирінің финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 14:17
Отандық ғалымдар жусанға аллергияны бір аптада емдейтін дәріні әзірледі
Ғылым • Бүгін, 13:53
Ирак Ормұз бұғазы арқылы мұнай экспортын 9 есеге қысқартты
Әлем • Бүгін, 13:23
Африкада Эбола вирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:46
Бангкокта пойыз бен автобус соқтығысып, 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:30
Астанадағы мектепте атыс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Қасым-Жомарт Тоқаевты шет мемлекет басшылары туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 11:35
Қазақстандағы әрбір екінші ересек адамның артериялық қысымы жоғары
Қоғам • Бүгін, 11:16
«Евровидение» байқауында Болгариялық әнші жеңіске жетті
Әлем • Бүгін, 10:56
«Миссиямды орындадым»: Роберт Левандовски «Барселонадан» кететінін мәлімдеді
Футбол • Бүгін, 10:28
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек көрсетті
Саясат • Бүгін, 10:08