Оқиға • 08 Мамыр, 2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтеді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматы қаласындағы Абай алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды дрондар шоуы ұйымдастырылады. Шоу Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтеді

Фото: Ашық дереккөз

Іс-шара барысында 500-ден астам дрон қолданылып, Ұлы Отан соғысының қаһармандары – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлының бейнелері анимациялық түрде аспанда көрсетіледі. 

Көрермендерге дрон-шоуды тамашалауға арналған бірнеше алаңдар дайындалған:

  • Абай алаңы;
  • «Қазақстан» қонақ үйі маңы;
  • Caspian University маңы;
  • Абай даңғылы (Назарбаев пен Достық көшелерінің аралығы)

Осыған байланысты 9 мамыр күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін қала орталығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігі, сондай-ақ, Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралығында жол жабылады.