Аймақтар • Бүгін, 08:30

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Батыс Қазақстан облысы майданның ең жақын тылы ретінде барынша зардап шекті. Соғыс қарсаңында облыста 395 631 адам тұратын, 1938–1945 жылдары барлығы 76 635 адам әскерге алынды. Қан майданда 36 548 батысқазақстандық қаза тапты, оның 15 695-і ұрыс кезінде опат болды.

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Суретті түсірген – Мәди Ғұбайдуллин

Жайық бойы Сталинград майданына ең таяу орналасқан аймақтардың бірі еді. Соғыс кезінде облыста 1 300 төсектік 3 госпиталь жұмыс істеді. Фашист әскері Сталинградты қоршаған кезде, КСРО Халық комиссарлары кеңесінің өкімімен Орал қаласы еліміздегі әуе қорғанысы пунктінің қатарына жатқызылды. 1942 жылдың жазынан бастап Қазақстанның батыс аймағы әскери қимылдар қатарына қосылды, соғыс жағдайы енгізілді. Алты қорғаныс шебін құруға дайындық жасалды, ұрыс қимылдары үшін әскери күш пен қару-жарақ есептелді.

Осы кезеңде жау авиациясы Жәнібек пен Орда ауданындағы үйлерді, вокзалдарды, өнеркәсіп орындарын, мектептер мен ауруханаларды жиі-жиі бомбалап отырды. Жергілікті зенитшілер мен 102 авиадивизия ұшқыштары немістің ондаған ұшағын құлатып түсірді. Орал теміржол бөлімшесінде пойыз қозғалысы жиілеп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері Сталинград жауынгерлеріне арнап ет, т.б. өнім өндіруді едәуір көбейтті.

Соғыс кезінде Батыс Қазақстан облысына 62 мыңдай адам көшіп келді. Олардың басым көпші­лі­гі­­ жау астында қалған Украина мен Белоруссиядан еді. Сондай-ақ­ Ленинград, Мәскеу, Киев, т.б. қала­лардан ондаған кәсіпорын көшіп келді. 3-4 ай ішінде олардың барлығы толық іске қосылды. 1943 жылға қарай Оралдағы өнеркәсіп орындары соғыс қаруын, оқ-дәріні және әскери жабдықтарды өндіруді екі есе арттырды. Сол кезеңде көшіп келушілер­ге Орал қаласынан 6 604 пәтер мен бөлме берілген екен.

Соғыс кезінде Батыс Қазақстан облысы Ленинград облысының аудандарын шефтік қамқорлыққа алды. Сөйтіп басқыншылардан азат етілген аймаққа 5 мың ірі қара, 156 мың пұт астық, 36 мың пұт ет, т.б. өнімдер жіберілді. 1941–1945 жылдары облыс мемлекетке 368,1 мың тонна астық, 74 393 тонна ет, 92 792 тонна сүт және 4 984 тонна жүн тапсырды. Облыс еңбеккерлері 1943 жылы қызыл армияны жарақтандыру қорына 360 гр­ алтын, 536 гр платина және 14 кг 234 гр күміс еткізіп, 56 млн сом ақша ­аударды. Сондай-ақ майданға 100 вагон азық-түлік пен 90 мың дана жылы киім жіберді.

Орал қаласында жеке 152-атқыштар бригадасы ұйымдастырылып, олар Сталинград майданына қатысты, Дондағы Ростов қаласын, Мелитополь, Висла, Одер жерлерін азат етті. Соғыс кезінде Батыс Қазақстан облысынан 40 адам Кеңес Одағының батыры атағына ие болып, 6 жауынгер «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды.

Орал қаласында 1980 жылы Жеңістің 35 жылдығы кезінде Жеңіс алаңы ашылып, көкке шаншылған 50 метрлік ескерткіш ашылған еді. Винтовканың сүңгісі мен жалауды бейнелейтін ескерткіштің авторы Х.Наурызбаев болса, сәулетшілері Р.Сейдалин, Ж.Баймолдаев, А.Әбілов еді. Бұл жерде Мәңгілік алау, Отан соғысынан оралмаған боздақтардың тізімі мен тыл еңбеккерлеріне арналған арнайы тақта орналас­қан. Бүгінде өңірдегі патриоттық іс-шаралар, әскери шерулер, салтанатты қабылдаулар осы жерде өтеді.

Сонымен қатар облыстың Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарында жау бомбасына ұшыраған су мұнара­лары, бауырластар зираттары тарихи ескерткіштер тізіміне енгізілді. Екі ауданда да «Қаһарман аудан» белгісі орнатылды.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15