Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ерлердің еңселі ескерткіші

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тау қуысындағы шағын ғана ауылдан үш бірдей Кеңес Одағының батыры шыққан. Самар ауданына қарасты Подгорное ауылы сонысымен де ерекше. Иван Яроцкий, Николай Фонов, Сергей Седнев сынды батырларына ауылдың кіреберісінде кеуде мүсіндері мен ерекше композицияда стелла қойылған.

Ерлердің еңселі ескерткіші

Суретті түсірген – автор

Подгорное ауылының қақ төрінде асқақтай бой түзеген мемориал батырлардың ерлігін әйгілейтіндей. Соғыстан кейінгі жылдары орна­тылған қарапайым ғана обелиск ауыл жұрты үшін қасиетті орынға айналған. Уақыт өте келе ауыл азаматтары үш батыр­дың есімін лайықты түр­де ұлықтайтын еңселі ескерткіш тұрғызу керек деп шешкен. Бұл істің басы-қасында жүріп, нар тәуекел еткен азаматтар аз болмады. Қоблан Қамзин, Василий Панюков, Қинаят Бесекенев, Мэлс Талыспаев, Геннадий Писмаркин, Александр Федосов секілді ел азаматтары қолынан келген көмекті аямаған. Құрылыс жұмысын шебер Қизатолла Жетенов тиянақты атқарып, ел ризашылығына бөлен­ген. Бұл 2010 жылдың 9 мамыры еді. Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында тарихи ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

2012 жылы мемориал қайта жаң­ғыр­тылып, мәрмәр тақтадағы сөздер­дің қасына тырналардың бейнесі қондырылды. Қазақ даласында қа­лықтаған тырналар – әрқашан сағы­ныштың, мәңгілік рухтың нышаны. Ескерткіш алдында үш батырдың қола мүсіні орнатылды. Төменде жанып тұрған Мәңгілік алау – бүгінгі ұрпақтың жүрегіндегі оттың белгісіндей. Қара мәрмәр тақтаға қашалған ондаған есім – осы ауылдан майданға аттанған ерлер­дің өшпес ізі.

Батырларға тоқтала кетсек, Иван Яроцкий Тынық мұхит флотының 390-теңіз атқыштар батальонында рота командирі болып, кеңес-жапон соғысында ерлігімен көзге түскен. Өлім мен өмір белдескен сын сағатта оның батылдығы бүкіл бөлімшенің тағдырын шешкен. Соғыстан кейінгі жылдары Ресейдің Ленинград облысында ғұмыр кешкен.

Ал Николай Фонов – 59-артил­ле­риялық полктің сержанты, зеңбірек командирі. Ол жаудың бірнеше тан­кісін өртке орап, аты аңызға айнал­ған екен. Туған жеріне дін аман орал­ға­ны­мен, денсаулығы сыр беріп, ерте көз жұмған.

Сергей Седнев – Днепрдің асау ағысында понтондық паркті басқа­рып, жауынгерлердің өзеннен аман-есен өтуіне жағдай жасаған жанкешті жауынгер.

Бүгінде Подгорное ауылындағы олар­дың ескерткіштері – өткеннің емес, мәң­­­гіліктің нышаны. Жыл сайын 9 мамырда ауыл тұрғындары ескерткіш басына жиналып, гүл шоқ­тарын қойып, батырларды үнсіз еске алады. Айтқандай, 2015 жылы Жеңіс­тің 70 жыл­дығы қарсаңында мектепте арнайы музей ашылып, батырлардың өмір жолы мен майдандағы ерліктері туралы тың деректер жинақталды.

Подгорноеның бұл еңселі ескерт­кіші – елдің елдігін, бірлігін көрсететін биік рухтың рәмізі. Батырлар ерлігі – ұрпаққа аманат, оны дәріптеу – парыз. Өйткені ел үшін жан қиғандардың есімі – мәңгілік!

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Самар ауданы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15