Өшпес даңқ • Кеше

Қазақстандық батырларға құрмет: Алматыда «Батырларға тағзым» акциясы өтті

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда  әкімдіктің қолдауымен ардагерлер бірлестіктері ұйымдастырған «Батырларға тағзым» атты естелік акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық батырларға құрмет: Алматыда «Батырларға тағзым» акциясы өтті

Фото: gov.kz

Шара қала тұрғындарын біріктіріп, соғысқа қатысқан батырларымызға, тыл еңбеккерлеріне және Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан барлық ержүрек азаматтарға құрмет білдіруге арналды.

«Батырларға тағзым» акциясына қатысушылар шеруін әскери үрмелі оркестр, Құрмет қарауылының ротасы мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері бастап шықты.

Вв

Ардагерлердің қоғамдық бірлестіктері атынан акцияны ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесінің төрағасы, генерал-лейтенант Сарсеков Бексұлтан ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Бәрімізге белгілі, биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтуде. Бұл соғыста Қазақстан зор үлес қосты. Майданға бір миллион екі жүз мыңнан астам жауынгеріміз – аталарымыз, әкелеріміз аттанды. Олардың тек 600 мыңы ғана елге оралды». Бүгінгі ұрпақ үшін азаттық пен жеңіс жолында, бүгінгі жарқын әрі тәуелсіз Қазақстанда өмір сүруіміз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпау – қасиетті парыз. Біз бұл азаматтарды әрдайым жадымызда сақтауымыз керек», деді ол.

Акция маршруты Гоголь көшесінің бойымен Орталық мәдениет және демалыс паркінен бастап, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін жалғасты. Шара Мәңгілік алау жанындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Шара барысында оркестрдің сүйемелдеуімен әскери әуендер орындалды. Акцияға 30 мыңнан астам алматылық қатысты.

Вв

Акцияға қатысушылардың бірі, алматылық тұрғын – Гаухар Жүсіпова, майдангер болған атасының портретін ұстап келіп, оның ерлікке толы өмірі мен отбасы жадындағы тарихымен бөлісті.

«Менің атам Тлепов Калел Тлепұлы 1914 жылы Семей облысындағы Чалобай ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол 39-танк бригадасы құрамында, моторлы автоматшылар батальонының 1-ротасында автоматшы болып қызмет етті. Оның әскери жолы Севастопольден басталып, Волгоград пен Днепр арқылы өтіп, 1945 жылы Будапештке дейін жетті. Көрсеткен ерлігі үшін бабам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Біз – бала-шағасы, немере-шөберелері, атамыздың ерлігін мақтан тұтамыз. «Батырларға тағзым» акциясына қатысу арқылы оның рухына, сондай-ақ бейбіт өмір сыйлаған барлық ардагерлерге құрметімізді білдіреміз», деді ардагердің немересі.

Колонналарды безендіру барысында 500 мемлекеттік ту қолданылып, қатысушыларға 10 мың дана Қазақстан туы мен 20 мың «Жеңіс лентасы» таратылды. Іс-шараны ұйымдастыруға 500 ерікті жұмылдырылды. Жастардың 14×7 метр көлеміндегі алып Мемлекеттік туды көтеріп өтуі акцияның жарқын сәттерінің бірі болды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше