Қылмыс • Бүгін, 09:25

Талғарда атыс болды, зардап шеккендер бар

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Талғар ауданында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талғарда атыс болды, зардап шеккендер бар

Талғар ауданындағы атыс туралы ақпарат 8 мамыр күні кешке әлеуметтік желіде тарай бастады. Желі қолданушылары оқиға орнынан түсірілген фото және видеоларды бөлісіп, бірнеше адамның қатысқанын мәлімдеді.

Полиция бұл оқиғаның болғанын растады және аталған факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Жедел іс-шаралар нәтижесінде қақтығысқа қатысқандардың барлығы анықталды. Жарақат алып, ауруханаға жеткізілген төрт күдікті қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің бақылауында. Тағы бір адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді полиция.

Құқық қорғау органдары қалған қатысушылар мен оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.