АСТАНА. 2 тамыз. Астанада есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топтың көзін жойды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментіне сілтеме жасаған today.kz хабарлады.
Қылмыстық топтың мүшелері есірткіге ақшаны пәтер тонау арқылы тауып отырған. Ұрланған заттарды сатып, ақшасына Петропавлдан героин алған. Өздерінің бақылауда жүргенін сезбеген олар есірткіні Астанадағы сыбайластарына жөнелткен.
Есірткі саудасымен айналысатындардың бірі 29 шілдеде Астанада ұсталды. 30 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынын полицейлер Абай және Уәлиханов көшелерінің қиылысында қолға түсірді. Тінту барысында одан 44 грамм героин табылды. Мұнша героиннен 500 реттік есірткі дозасы дайындалатындықтан, ол аса ірі мөлшер болып саналады.
Департаменттің хабарлауынша, жедел тергеу амалдары барысында полицейлер осы іске қатысы бар тағы екі сыбайласты тұтқындады. Олардың екеуі де Петропавл қаласының тұрғындары. Олардың бірі 1989 жылы туған, ал екіншісі 1984 жылғы. Бұл күдіктілерден пәтер есіктерінің құлыптарын бұзуға арналған арнайы құрал тәркіленді.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстанда Астанаға «сәлемдеме» жіберген топтың қалған мүшелері қолға түсті. Олардан айғақ ретінде 2 грамм героин мен тағы басқа заттар тәркіленді. Ұсталғандардың бесеуі өз қылмыстарын мойындап отыр.
Бүгінде полицейлер қолға түскендердің Қазақстанның әр өңірінде тіркелген көптеген пәтер тонау істеріне қатысы бар екенін анықтады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: today.kz.
Сурет: mail.ru.
• 02 Тамыз, 2015
Астанада есірткі таратумен айналысқан топтың көзі жойылды

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше