
Фото: Ақорда
Мәртебелі меймандар ұлттық киім үлгілері, қолөнер, әдет-ғұрып пен музыкалық аспаптар, халық ойындары көрсетілген түрлі тақырыптық аймақты тамашалады.
Қазақ халқының бай тарихы мен рухани құндылықтарын танытатын аңшылық және кескіндеме өнеріне баса назар аударды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды елорда әуежайынан шығарып салды.