
Физиктер альфа-бөлшектердің реактордан шығып кетуін симметрия әдісімен дәл анықтап, бөлшектердің ыдырауын тоқтатудың жолын тапты. Осы жаңалық арқылы термоядролық қондырғыларды әлдеқайда тиімді әрі тұрақты етуге болады. Яғни Күн қуатын Жер бетінде қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік туады. Адамзат шексіз әрі таза энергияға бір қадам жақындай түсті.