Аймақтар • Бүгін, 17:38

Астана – Щучинск тасжолында электрондық табло орнатылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана – Щучинск автожолының төрт негізгі учаскесінде: Шортанды, Ақкөл, Алакөл және Қаражар аудандарында жол қауіпсіздігіне байланысты ақпарат беретін заманауи электрондық таблолар орнатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астана – Щучинск тасжолында электрондық табло орнатылды

Фото: polisia.kz

Өлшемі 8-де 2 метр болатын табло жүргізушілерді жедел ақпараттандыру үшін орнатылған. Мәселен, жол қауіпсіздігіне қатысты  белдіктерді тағу туралы ескертпе, жылдамдық режимін сақтау, тайғақ жол туралы ескертулер, қолайсыз ауа райы жағдайлары, жол жұмыстары және ықтимал қозғалыс шектеулері хабарланады.

ІІМ электрондық табло көлік жиі қатынайтын жолдарда жағдайды лезде баяндаудың тиімді тәсілі екенін жеткізді. 

«Жоба жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жалпы жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған. Болашақта мұндай жүйелерді еліміздің басқа автожолдарында да енгізу жоспарланып отыр», делінген министрлік хабарламасында.