
«Шұбаркөл көмір» АҚ қырық жылға жуық көмір өндіріп, сатып келеді. Калориясы жоғары әрі күлділігі төмен болғандықтан, Шұбаркөл көмірі тек ел аумағында ғана емес, шет елдерде де жоғары сұранысқа ие.
Шұбаркөл көмірі ТМД мен алыс шетелдерге де экспортталады. 2025 жылдың сәуірінде кәсіпорын рекордтық межені бағындырып, шет елдерге 728 мың тонна көмір жеткізді.
Өндірілген жалпы көмір көлемінің төрттен бірі ел ішіндегі коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке бағытталады. Өнім еліміздің төрт тарабына түгел жөнелтіледі. Жылыту маусымында (2024 жылдың тамызы мен 2025 жылдың сәуірі аралығында) 2 656 974 тонна көмір жөнелтілді. Бұл – ұйымшыл команданың жұмыла атқарған жұмысының жемісі. Әсіресе тау-кен көлік, теміржол, тау-кен цехтарының жұмысын бөле-жарып айтуға болады.
Сергей Кимнің айтуынша, компания мемлекеттік органдар, соның ішінде әкімдіктер алдындағы көмір жеткізілімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мен кезек, қатты отын тапшылығын болдырмау міндеттерін түгел орындап шыққан.
– Жылыту маусымын көмірдің жеткілікті мөлшерімен аяқтауымызға байланысты «Шұбаркөл көмір» АҚ тұтынушылардан қажетті көмірді алдын ала сатып алуларын өтінеді. Бұл қыста, дәстүрлі түрде сұраныс күрт артқан тұста ұзын-сонар кезек пен көмір тапшылығын болдырмауға септігін тигізеді. Әкімдіктерге ерекше екпін түсіріп, қажетті көмір көлеміне тапсырыстарды уақтылы жолдауларын сұраймыз. Бұл қыста үздіксіз жеткізілімдерді қамтамасыз етуге ықпал етеді, – деп атап айтты Сергей Ким.
«Шұбаркөл көмір» АҚ тұрғындар мен мекемелерге сапалы өнім жеткізе отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне сүбелі үлес қосып келеді.