
Алайда бұл саланың танымалдығы артыпкеле жатқанына қарамастан, Алматыдагастрономиялық бағытта қызмет көрсететінгидтер жоқтың қасы.Almaty Tourism Bureau Алматыныөңірдің гастрономиялық астанасы ретінде дамытуүшін арнайы гастрономиялық гид әзірледі.
Гидке 140-тан астам ерекше тағамдар мен дастархан ұсынатын мекемелер енген. Мұндақалада гастрономиялық тәжірибе алуға арналғанбағыттар, идеялар мен сценарийлер қамтылған. Бұл сценарийлер кәсіби гидтер мен тағамсаласындағы сарапшылардың қолдауыменжасалған, сондықтан туристер үшін ұмытылмасәсер қалдыруы сөзсіз.
Гид бірнеше тақырыптық бағытты қамтиды. «Классикалық тур» Алматының тарихынтағамдар арқылы таныстырады. «Дәстүрлі гид» қазақ ұлттық тағамдарына терең үңілугемүмкіндік береді. «Мультимәдени гид» еліміздіңмәдени алуан түрлі екенін ас мәзірі арқылыкөрсетеді. «Тау мен гастрономия» бағытыбелсенді демалыста татып көруге тұрарлық дәмтоптасын ұсынады. Сонымен қатар, «Инстаграмбл-маршрут» көркем локацияларды, ал Art&Eat концептуал әрі өнерге бағытталғанорындарды таныстырады.
Гид, сондай-ақ, көше тағамдары мен барларғаарналған бағыттарды қамтиды. Бұдан бөлек, Алматыға ғана тән ерекше тағамдар мен сапарданестелік ретінде алып кетуге болатын азық-түліккәдесый тізімі де енгізілген. Гастрогид қазақ, орыс және ағылшынтілдерінде қолжетімді.