АСТАНА. 20 маусым. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Назарбаевтану» ғылыми-оқу және «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталықтары ашылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Аталған орталықтар Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты ұлттық жоспарын, сондай-ақ, еліміздің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында ашылып отыр.
«Назарбаевтану» ғылыми-оқу орталығы университетте 2014 жылы құрылған «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасына қарасты «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы жанынан қоғамдық негізде құрылды. Орталықтың басты мақсаты – Елбасының ел тәуелсіздігін баянды етудегі, халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттырудағы ерен еңбегін насихаттау.
Ал «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығының мақсаты – ұлттық сана-сезімі, азаматтық, отансүйгіштік қасиеттері жоғары, ұлт мәдениетін дамыту мен сақтаудағы жауапкершілікті сезіне білетін, тарихи ой-өресі жетілген, өзге мәдениет өкілдерімен жүйелі сұхбат құра алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады. «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығы «Педагогика және психология» кафедрасы жанынан қоғамдық негізде ашылды.
Талғат Райымбек.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: akmeshit-zhastar.kz.
• 20 Маусым, 2015
Қызылордадағы Қорқыт ата университетінде екі орталық ашылды

Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Білім • Кеше
Қазақстанда жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды
Экология • Кеше
Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді
Мәдениет • Кеше
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Экономика • Кеше
Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды
Президент • Кеше
Ақтөбеде облысында құралайларға GPS сырға тағылды
Экология • Кеше
Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды
Президент • Кеше