Ғалам ғажаптары • 15 Мамыр, 2025

QR-код тарихы

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде QR-кодты барлық жерде қолданамыз. Оның шығу тарихы да ерекше.

QR-код тарихы

90-жылдары Жапониядағы «Denso» компаниясы штрих-кодтар баяу оқы­ла­тындықтан, өнім туралы мәліметті жылдам танитын жүйе ойлап табуды мақсат етеді. Сол кезде инженер Масахиро Хара «Go» деп аталатын ақ-қара тастармен ойналатын ескі логикалық ойынды еске түсіреді. Осы ойындағы ұяшық құрылымынан QR-код идеясы туады. Нәтижесінде, төртбұрышты, ақпаратты көбірек қамтитын, жылдам оқылатын код пайда болды.