
Шерзат Полатты бірнеше адам қолымен де, аяғымен де ұрғаны көрініп тұр. Айыпталушылардың бірі Дархан Әскентай бұл сәтте төбелеске қатыспағанын айтты.
«Мен Нұрбол Тоқтаубаевтың артынан еріп бара жаттым, ол кезде ол Нұрқанат Ғайыпбаевтың (Шерзаттың қайтыс болған ағасы) артынан бара жатқан еді. Оны тоқтатып, балаларды ажыратуға тырыстым. Нұрбол Тоқтаубаев пен Абзал Шынасылды ажыраттым. Олар Нұрқанатты ұрып жатқан болатын. Бір кезде мені шатастырып, өздері де бір-екі рет ұрып жіберді», деді сотта Дархан Әскентай.